Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

14 Қаңтар 2019, 16:40
1807
Бөлісу:
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады.

Қатты жауын-шашынның түсуі болжамына байланысты 15-16 қаңтар Жамбыл, Түркістан және 16 қаңтар Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

15 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күшеюі ықтимал.

Шымкент қаласында 15 қаңтарда күннің соңында қатты жауын-шашын, тәулік бойы оңтүстік-батыстан 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жел күшеюі мүмкін.

Түркістан қаласында 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жел күшеюі ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы