Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

22 Сәуір 2020, 17:33
1145
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәуліктерде еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Атырау облысында батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетпек. 23 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді дп болжануда.
Өзгелердің жаңалығы