Алдағы бірнеше тәулікте күн суытады

7 Қыркүйек 2020, 17:12
1817
Бөлісу:
Алдағы бірнеше тәулікте күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 8-9 қыркүйек күндері еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

Ақтөбе облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, 1-3 градус үсік жүреді.

Ақмола облысында түнде кей жерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерде тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында кей жерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде 1-3 градус үсік сақталады.
Өзгелердің жаңалығы