Бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

14 Наурыз 2023, 08:39
983
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 наурызда 8 өңірде – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы