Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктрі 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 sputnik.kz 25 Наурыз 2023, 23:23
25 Наурыз 2023, 23:23
1620
Фото: sputnik.kz

Қазгидромет синоптиктері 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласында түнде және таңертең қалың тұман болады.

Қарағанды облысын да түнде, таңертең тұман басады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болады.

Маңғыстау облысының батысында тұман болжанады.

Наверх