Бірнеше аймақта су тасқыны қаупі жоғары - Қазгидромет

6 Ақпан 2023, 10:43
908
Бөлісу:
Бірнеше аймақта су тасқыны қаупі жоғары - Қазгидромет
Фото: inform.kz

Қазақстанның жазықтағы өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне сәйкес жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны бойынша негізгі болжам 2023 жылдың наурыз айында жасалатын болады. 

Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны орын алуы мүмкін.  

Алайда, қыс жалғасуда және соған сәйкес қардың жинақталу кезеңі де жалғасуда (көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жаууы мүмкін), - делінген ақпаратта.

Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем. 

Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігімен сипатталады, нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде, - деп хабарлады Қазгидромет.

Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде. 

Өзгелердің жаңалығы