Бірінші жартыжылдықта бюджетке 4 трлн теңге салық түсті

27 Шілде 2019, 03:32
1784
Бөлісу:
Бірінші жартыжылдықта бюджетке 4 трлн теңге салық түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңге салық түсті, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6% - ға, республикалық бюджетке 101% - ға және жергілікті бюджеттерге 107,5% - ға орындалды.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 млрд. теңге жоспар кезінде 108 млрд. теңгеге асыра орындалып, нақты 4 234 млрд. теңге түсті, оның ішінде:

- республикалық бюджетке жоспарланған 3 094 млрд. теңге болса, 31 млрд. теңгеге асыра орындала отырып, 3 124 млрд. теңге түсті;

- жергілікті бюджетке 1 032 млрд.теңге жоспармен 1 109 млрд. теңге түсті, 77 млрд. теңгеге асыра орындалды.

Өзгелердің жаңалығы