Біріккен Араб Әмірліктері елдің әуе кеңістігін толығымен ашты

Азаматтық авиацияның бас басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысы қалыпты жағдайға оралғанын және уақытша енгізілген сақтық шараларының алынып тасталғанын хабарлайды

 unsplash.com 3 Мамыр 2026, 07:35
3 Мамыр 2026, 07:35
682
Фото: unsplash.com

БАӘ әуе кеңістігіндегі шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиацияның бас басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысы қалыпты жағдайға оралғанын және уақытша енгізілген сақтық шараларының алынып тасталғанын хабарлайды, - делінген хабарламада.

Дегенмен Азаматтық авиация басқармасы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін нақты уақыт режимінде мониторингті жалғастырады.

Бұған дейін әлемдік әуе компаниялары, соның ішінде қазақстандық компаниялар Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Дубайға рейстерді тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Наверх