Петропавлда әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасаған блогер 10 тәулікке қамауға алынды.
Полиция Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады.
Енді менің өмірім аяқталуы керек пе сонда?!
Не жағдай болмай жатыр дейсің?!
Бір сандырақ қой бұл. Біреу өлді екен деп, мен енді аза тұтуым керек пе? - деген ол көпшіліктің ашу-ызасына тиген.
Сондай-ақ, ол тікелей эфир барысында би де билеген.
Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады.
29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді.