Бір тәулік ішінде коронавирустан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

6 Желтоқсан 2020, 13:16
1544
Бөлісу:
Бір тәулік ішінде коронавирустан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусты 66 млн-нан астам адам жұқтырса, шамамен 46 млн адам сауығып шықты. Бұл туралы Корреспондент.net сайты хабарлады.

Өткен тәулікте әлемде рекордтық 620 775 COVID-19 инфекциясы тіркелді, бір күнде 10 096 науқас қайтыс болды. Мұндай статистиканы бүгін Worldometers сайты жариялады. 189 724 жаңа науқас Еуропа елдерінде тіркелген. Еуропада COVID -19 жаңа жағдайларының саны бойынша анти-рейтингтің көшбасшылары - Италия, Германия, Ұлыбритания және Украина. 

Бүкіл әлем бойынша 66 миллион коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, 46 миллион науқас емделді, 1 533 653 пациент қайтыс болды. 19 миллионнан астам адам емделуін жалғастыруда.

Айта кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді

Сонымен қатар, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.



Өзгелердің жаңалығы