Бір тәулік ішінде 6 жерден қару-жарақ арсеналдары анықталды

14 Қыркүйек 2023, 21:30
2509
Бөлісу:
Бір тәулік ішінде 6 жерден қару-жарақ арсеналдары анықталды
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбылдық полицейлер бір тәулік ішінде 6 түрлі жерден қару-жарақ арсеналдарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Мәселен, жедел ақпаратты іске асыру барысында кезекші тәулік ішінде облыс орталығының бірнеше көшелерінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қаптары табылды.

Қаптардан ПД қоймасынан ұрланған "ПСМ" маркалы жауынгерлік тапанша, "ТОЗ-Б" және "ИЖ-18" маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, екі ұңғылы аңшылық мылтық, түрлі калибрлі 148 патрон және арнайы құралдар тәркіленді.

Сондай-ақ, бірқатар аудандарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері елді мекендерден тыс жерлерде қару-жарақ арсеналдарын анықтады.

Табылған қарулардың арасында қос ұңғылы мылтық, "ИЖ-17" және "ИЖ-27" маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтықтардың кесінділері, пневматикалық және травматикалық тапаншалар, спорттық револьвер - тапанша, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 94 патрон болды.

Осы деректерге қатысты Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3 және 4-бөлімдерінің (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы