Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда бір тәулікте COVID-19 инфекциясын 17 110 адам жұқтырған. Елдегі жалпы науқастар саны 867 624-ке жетті, деп хабарлады russian.rt.com.
Мәліметтерге сәйкес, бір тәулік ішінде коронавирустан 612 науқас көз жұмған.
Ал эпидемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 43 332 адам қайтыс болған. Бразилияда COVID-19-дан өлім-жітім 5%-ды құрайды. Вирустан 388 492 адам емделіп шыққан.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан Бразилияның медициналық жүйесі COVID-19 жағдайымен күресуге қауқарлы екенін атаған.