Google Chrome қолданушыларына қауіп төніп тұр: Хакерлер деректерді ұрлаудың жаңа тәсілін тапты

Google Chrome-ды қауіпті шабуылдардан қалай қорғауға болады: 3 қарапайым қадам.

27 Қараша 2026, 19:32
АВТОР
 pixabay.com 27 Қараша 2026, 19:32
27 Қараша 2026, 19:32
43
Фото: pixabay.com

Хакерлер Google Chrome қолданушыларының жеке деректерін суреттер арқылы ұрлап жатыр, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Тұзақ таныс сайт ретінде бүркемеленеді, ал вирус адам парақшаны ашып, арнайы қолдан жасалған суретті басқан кезде іске қосылады. Сақталған құпиясөздер мен төлем деректеріне қауіп төніп тұр.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Адам сайтты ашқанда, браузер ондағы барлық нәрсені – мәтінді, суреттерді, видеолар мен скриптілерді өзі өңдейді. Егер браузер кодында қате болса, қаскүнем парақшаны сол қатеге тиетіндей етіп дайындай алады. Сонда суретті немесе парақшаны әдеттегідей жүктеудің орнына, браузер бөтен бұйрықты орындайды.

Көбінесе мұндай қателер жадпен байланысты болады. Браузер бұрын босатылған жад бөлігіне жүгінеді немесе деректерді бөлінген орыннан тыс жерге жазады. Хакер сол жерге өз кодын салып қояды, ал ол жәбірленушінің құрылғысында іске қосылады.

Әдетте тағы бір қадам – зиянды сайтқа сілтеме арқылы өту қажет болады. Сондықтан тұзақтарды банктер, дүкендер, жеткізу қызметтері немесе әлеуметтік желілер сияқты таныс ресурстар ретінде бүркемелейді.

Google тарапынан не белгілі?

Google-дың өзі шабуылдардың егжей-тегжейін жария етпей отыр. 9 қарашада компания Chrome-ның шұғыл жаңартуын шығарып, тоғыз осалдықты жапты, олардың бірін хакерлер шабуылдарда қолданып үлгерген. Сол арқылы қаскүнем браузерде зиянды кодты қашықтан іске қоса алады. Google бұл қатеге арналған эксплойттың бар екенін мойындады, бірақ оның қалай қолданылатынын және шабуылдардың артында кім тұрғанын ашпады.

Бұл 2026 жылдың басынан бері Chrome-да анықталған осындай сегізінші «тесік». Google бүкіл 2025 жылы да дәл осынша осалдықты жапқан болатын.

23 қарашада тағы бір жаңарту шықты, ол браузердің қорғалған ортасынан тыс жерде зиянды кодты іске қосуға мүмкіндік беретін аса қауіпті осалдықты жабады. Қорғалған орта немесе «құмсалғыш» (песочница) браузерді жүйенің қалған бөлігінен оқшаулап тұрады. Егер оны айналып өтсе, хакер бір ғана қойындыға (вкладкаға) емес, құрылғының өзіне қол жеткізеді. 

Бұл хакерлерге не үшін керек?

Браузерде көп нәрсе сақталады: құпиясөздер, автотолтыруға арналған банк карталарының деректері, кірген сайттар тарихы және пошта, банк пен әлеуметтік желілердегі ашық сессиялар. Оларға қол жеткізген қаскүнем жәбірленушінің атынан аккаунттарға кіріп, ақшаны шешіп ала алады немесе деректерді сатып жібереді.

Қалай қорғануға болады?

Бірден-бір жол – жаңарту. Компьютерде Chrome мәзірінен «Анықтама» (Справка), содан кейін «Google Chrome браузері туралы» (О браузере Google Chrome) бөлімін ашыңыз. Браузер жаңа нұсқаны өзі тексеріп, жүктейді, тек оны қайта іске қосу (перезапустить) қалады. Смартфонда Chrome-ды Google Play арқылы жаңартыңыз.

Сайт таныс болып көрінсе де, бейтаныс хабарламалар мен жарнамалардағы сілтемелерге өтпеңіз. Браузер жолағындағы мекенжайды тексеріңіз. Банктер мен пошта үшін екі факторлы қорғанысты қосыңыз, сонда хакерлерге бір ғана құпиясөз жеткіліксіз болады.

Наверх