Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі

Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі - Құрылтайдың құрылуы.

 видеодан кадр Бүгiн 2026, 15:05
Бүгiн 2026, 15:05
372
Фото: видеодан кадр

Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар саны – 145, бір ғана палата болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Референдум–2026" онлайн-марафоны барысында сенатор Нұрлан Бекназаров бұрынғы Парламенттің айрымашылығы туралы айтып берді.

Енді елде бір палаталы Парламент жұмыс істейтін болады. Оның атауы Құрылтай болып өзгертілді. Депутаттар саны нақты белгіленіп, олардың барлығы партиялық тізім бойынша, яғни пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталады. Жалпы саны 145 депутат жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланады. Бұл жүйе Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Құрылтайға өткен партиялар сайлауалды бағдарламаларын, халыққа берген уәделері мен бағыт-бағдарын бір алаңда талқылап, елдің әл-ауқатын арттыруға, экономиканы дамытуға, ішкі және сыртқы саясатты айқындайтын маңызды заңдарды қабылдауға белсенді қатысады. Осылайша, партиялар арасында әділ саяси бәсеке қалыптасады. Мұндай ортада популизмге жол берілмейді, - деді сенатор.

Еске салайық, Астанада Ата Заңымыздың болашағына арналған "Референдум-2026" атты онлайн-марафон өтіп жатыр.

Наверх