Бір отбасындағы үш келіннің «кәсібі»: Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Олар ұялы телефондар, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған.

Бүгiн 2026, 09:33
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:33
Бүгiн 2026, 09:33
168
Фото: видеодан скриншот

Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан күдіктілер - сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді.

Бір отбасының үш келіні келісіп, ұйымдасқан түрде ұрлықпен айналысқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың соңғы, үшінші қатысушысын ұстады. Бұған дейін оның тағы екі сыбайласы қолға түскен болатын. Қазіргі уақытта үшеуі де қамауға алынды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Тергеу мәліметінше, әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған. Негізгі нысандары – базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланатын өзге де орындар болған. Олар осы жерлерде ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, дәлелдемелер базасын жинақтап, қылмыстық топтың барлық қатысушыларын кезең-кезеңімен анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, - деді полиция өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бетін жасыру үшін ниқаб киіп, қымбат смартфондарды ұрлаған күдіктілер ұсталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх