"Бір күндік клиника". Ақтөбелік әйелдер толық тексерістен өте алады

27 Мамыр 2024, 18:29
276
Бөлісу:
"Бір күндік клиника". Ақтөбелік әйелдер толық тексерістен өте алады
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында жүкті әйелдерге арналған  өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады.

Бірінші және маңызды қадам - дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақтылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді. Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.

Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.

Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде тегін жүзеге асырылады.

Ақтөбе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жобасы іске асырылған үшінші қала болды. «Бір күндік клиника» Астана және Алматы қалаларында енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы