Ауғанстанда жарылыс болып, бір әулеттен 9 адам қаза тапты

25 Шілде 2019, 18:09
1618
Бөлісу:
Ауғанстанда жарылыс болып, бір әулеттен 9 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жол жиегіне қойылған бомбадан 9 бейбіт тұрғын қаза тапты. 

Бұл туралы жарылыс болған провинция билігінің ресми өкілі Аттаулла Хогианиге сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, қаза болған отбасы көрші ауылға тойға кетіп бара жатқан. Жолда көліктері содырлар қойып кеткен бомбаға түсіп, тоғызы қаза тауып, төртеуі жарақат алған.

А.Хогиани қаза тапқандар қатарында әйелдер мен балалар болғанын да мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы