Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

15 Маусым 2022, 18:45
2435
Бөлісу:
Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 199,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ды құрады. 2021 жылдың 5 айында 170,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген болатын, -деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте өңірде жаңбырлатып және тамшылатып суғару, өзге де жаңа технологияларды батыл енгізудің пайдасы тиіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы өңір диқандарының тәжірибесімен бөлісті.

Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Түркістан өңірінің қолайлы ауа райы ерте пісетін дақылдарды өсіруге, бір жерден жылына екі-үш өнім алуға мүмкіндік береді. Біз бұл тәжірибені халыққа түсіндіріп, семинарлар өткіздік. Насихат жұмысы жүрді. Нәтижесі жаман емес. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8400 гектарда 3000 жоба жүзеге асырылып, 145500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Биыл егіс көлемі 851000 гектарға орналастырылып, жоспар 100%-ға орындалды. Өткен жылдан 5500 гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га). Қосымша 26,6 гектарға жылыжайлар салынып, алаңы 1494 гектарға жетті. Республикадағы жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында орналасқан. Жыл қорытындысымен 1590 гектарға жеткізілетін болады,– деді Ө.Естайұлы.

Өңірде тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларына басымдық беріліп, шаруалар суды үнемдеуге көшті. Осы арқылы су үнемделіп, өнімділік еселеп артқан.

Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 34,3 млрд. теңге құрайтын 5 серпінді ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Азық-түлік қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Тұрақтандыру қорының есебінде құны 327,6 млн. теңгені құрайтын 3 615,8 тонна тауар бар. Бұған қоса қосымша 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 12 түрі сатып алынбақ. Сондай-ақ тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 136 тонна қант сатып алынды. Бұдан бөлек ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» 1000 тонна қантқа өтінім жолданған.

Жайылым жер көлемін арттыру бойынша да жұмыс жүріп жатыр. 2021 жылы 133 елді мекендегі елге 135,8 мың гектар жер ортақ жайылымға бекітіліп берілді. Тиісті қолдаулар арқылы мал мен құс басы 3-4%-ға көбейген.

Биыл өңірде 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 998,3 млрд. теңгеге, өсім қарқынын 104%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы