Biontech пен Pfizer компаниялары жаңа вакцинаны сынақтан өткізді

27 Маусым 2022, 11:22
1090
Бөлісу:
Biontech пен Pfizer компаниялары жаңа вакцинаны сынақтан өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BioNTech пен Pfizer компаниялары коронавирустың омикрон штамына қарсы екі жаңа вакцинаны сынады, деп хабарлады «Хабар 24». 

Клиникалық зерттеуден 56 жастан асқан мыңнан астам адам өтті. 

Ғалымдар екі препарат та штамға қарсы жоғары тиімділікті көрсеткенін айтады. Айта кетейік, жаз басталғалы Еуропаның көптеген елінде омикрон штамы етек жая бастады. Сарапшылар вирустың бұл түрі өзгелерге қарағанда тез таралады дейді.

Өзгелердің жаңалығы