Білім министрлігі оқушылардың каникулын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр

30 Наурыз 2022, 12:30
1686
Бөлісу:
Білім министрлігі оқушылардың каникулын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының каникулын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді.

Мәжілістің кулуарында Білім басшысы кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық оқушылардың каникулын қысқарту туралы ұсынысына қатысты сұраққа жауап берді. 

Біз мәселені жақтайтындар да, оған қарсы шығатындар да бар екенін туралы айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың дәлелдерін түсінеміз, дегенмен бұл жерде әрқашан ғылыми көзқарас болуы керек. Бұған министрлік, білім басқармасы, мұғалім немесе ата-ана тұрғысынан қарамауымыз керек, - деп айтты ол.

Министрдің пікірінше, балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарау қажет.

Қазір Білім министрлігі каникул уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз. Оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Сондай-ақ оны әріптестермен бірге алдын ала талқылаймыз, - деп түсіндірді бас ұстаз.

Өзгелердің жаңалығы