Білім күні желіде елді сүйсінткен, мектепке алғаш барған бүлдіршіндердің әрекетін топтастыруды жөн көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кешегі күннің басты жұлдызы 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығының бұрышында телефон қарап жатқан Жанасыл болды.
Желіде оған «Президенттің Жолдауын қарап жатыр» деп әзілдеп жазғандар да болды. Ең танымал болған баланың қай жақта тұратыны да анықталды.
Әнұранды ерекше айтқандар
Tiktok желісінде Әнұранды ерекше ықыласымен айтқан Дәулетхан жұртты сүйсіндірді. Қолына туды, қолын жүрегіне қойған бүлдіршін жүрекпен әнұранды айтып тұр. Оған жазылған пікірлерде бата беріп, қолдап жатқандар көп.
«Тіфәй-тіфәй» тіл көзден сақтасын. Бір қарағанда Заманбек ағамызға ұқсап кетеді екен. Кіші Зәкеңғой. Сол кісі сияқты «қазағым» деген азамат болсын. Нағыз азамат, осындай балаларымыз ғой елін және жерін қорғайтын, - деп жазды желі қолданушылары.
Тағы бір мектепке келуші Әнұран айту кезінде жерге отырып, жылайды. Бұған да желі қолданушылары әзілдеп «бүкіл өмірі көз алдынан өтті», «12 жылға кетіп баратынын білді» деп пікір қалдырған.
Биші жігіттер
1 қыркүйекке келген бүлдіршіннің биі де жұртты тамсандырды.
Болашақ биші. Мұндай жаста осылай билеу-үлкен өнер. 1-сыныпқа осындай ән қоя ма екен? «Танцор-диско»,- деп жазғандар бар.
Ал мектеп сабында тыныш тұрмай, билеп тұрған бала да қазнетті шулатты.
Бұл баланың өз әлемібар. Ешкімде шаруасы жоқ екен. Үлкен жігіт бол балақай, - деген пікірлер жазылған.
Қыздарды қорғайтын жігіттер
1-сыныпқа келген оқушыдан мұғалім «Қыздарды қорғайсың ба?» деп сұрайды. Бала оған «қорғаймын» деп жауап береді. Біреу келіп тиісіп жатса, дегенге жауабы жұртты күлкіге қарық қылған.
Міне, біздің батырлар. Болашақ Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан «заңға бағынған құл болмайды» деп, бұзық ер болмайды, қазақтың батыры ғой, жарайсың. Ұлы сөздің ұяты жоқ. Еркек деген осындай болуы керек, - деп қолдап жатыр желі қолдаунышалыр.
Сондай-ақ сыныбына кірмей, «бармаймын» деп айғайлап жылаған бала мен 1-сыныпқа келген оқушыны құлатып алған жасөспірім де желіде «хитке» айналған.