Білім күні ең танымал болған балақайдың кім екені анықталды

2 Қыркүйек 2022, 13:28
2300
Бөлісу:
Білім күні ең танымал болған балақайдың кім екені анықталды
PHOTO

Елді тамсандырып, кешегі Білім күнінің ең танымал суреті болған балақай БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен, деп хабарлайды BAQ.KZ порталының сол өңірдегі тілшісі. 

Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі екен.  

Білім күні ең танымал болған балақайдың кім екені анықталды

БАҚ-та тараған мәліметтерде ол салтанатты шараға ағасымен бірге барғаны айтылуда. 

Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз - депті анасы Бақытгүл Жақыпова БАҚ-қа. 

Өзгелердің жаңалығы