Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

1 Қыркүйек 2023, 10:45
1356
Бөлісу:
Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды
PHOTO

Бүгін – 1 қыркүйек Білім күні. Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Лесная поляна ықшам ауданы №61 ғимаратта орналасқан Қосшы қаласының мектеп-гимназиясында өтетін оқу жылының басталуына арналған іс-шараға қатысты.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Бүгін 7 600-ден аса білім мекемесі оқушыларды қабылдады. Онда 3,9 млн-ға жуық бала оқуды бастады.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Ал 380 мың оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Еліміздің бас ұстазы әріптестері мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың ізденістер мен жаһандық мақсаттарға ұмтылған үш миллионнан астам жас өреннің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ, - деді министр.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Оның сөзінше, биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Биыл 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары, жиһаздары жаңартылады.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру, балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынуда. 

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Айналайын, балдырғандар, 1-сынып оқушылары! Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты әрі маңызды күн. Алғашқы қоңыраудың сылдырымен таңғажайып білім әлеміне саяхатты бастайсыздар. Биыл 382 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Ал 11-сыныптағы 188 мың оқушы үшін бұл алтын ұяның қабырғасындағы соңғы жыл. Бүгінгі күннің ата-аналар үшін де маңызы ерекше. Перзентін мектепке дайындап, қобалжитын сәт. Әркім өзінің оқушы болған кездерін сағынышпен еске алатын күн, - деді Ғани Бейсембаев.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Министр мұғалімдер жалақысы туралы да айтты.

Биыл алғаш рет колледж студенті атанған 190 мың жас үшін бұл - үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын шешуші күн. Біздің мұғалімдер үшін бұл күн сүйікті жұмысына оралатын, шәкірттерімен қауышатын күн. Осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30%-ға, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға өседі, - деді министр.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Сондай-ақ, 1,4 миллионнан астам 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады.

Білім күні, алғашқы қоңырау: Жаңа оқу жылы басталды

Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы