Білім беру саласы: Қазақстан үздік елдер рейтингінде 71-орынға ие болды

7 Ақпан 2022, 10:48
2183
Бөлісу:
Білім беру саласы: Қазақстан үздік елдер рейтингінде 71-орынға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 71-орынға ие болды.

ranking.kz деректеріне сәйкес 2021 жылдың төртінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 219 200 теңгені құрады, бұл 2020 жылғыдан 24,2 пайызға артық. Саладағы жалақы бір жылда 14,3%-ға өсті.

Жалпы Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы 275 600 теңгеге жеттғ Ол білім саласына қарағанда 25,7 пайызға артық.

2020 жылдың осы кезеңінде білім беру қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 176 500 теңгені құраған болатын. Ол жылына 25,9%-ға өсіп тұрды.

Саладағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орындарының қызметкерлері (299 мың теңге), ең төменгісін – мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады.

Орта білім беру саласында қызметкерлерге 246 900 теңге, қосымша білім беруге – 203 700 теңге, бастауыш білім беруге – 180 100 теңге, білімнің басқа түрлеріне – 175 400 теңге төленеді.

Өңірлік бөліністе елорданың педагогтары ең көп жалақы алады: 344 500 теңге – бір жыл бұрынғыдан 15,7%-ға артық. Үздік үштікке Алматы (265 400 теңге) мен Алматы облысы (247 400 теңге) кірді. Батыс Қазақстан облысының білім саласы қызметкерлері ең төменгі жалақыны алады – 181 700 теңге.

Былтырдың төртінші тоқсанында бұл секторда 1,1 миллион адам жұмыс істеді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1%-ға артық.

Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Түркістан облысында тіркелген: 142 900 адам, жылдық өсім 3,2%. Үздік үштікке Алматы облысы (128 600 адам) мен Алматы (91 200 адам) қалалары да кірді.

Ең аз жұмыспен қамтылғандар Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: 35 200 адам.

US News & World Report білім беру саласындағы ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 71-орынға тұрақтады.

Сарапшылардың пікірінше, рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия. Ең әлсіз позиция Гватемалада.

Рейтингке қатысушы ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Өзбекстанды ғана басып озды. Қазақстаннан жоғары позиция тұрған елдер қатарында Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан бар.

Өзгелердің жаңалығы