Білім беру мекемесінің бухгалтерлері 400 млн теңге ұрлап алған

24 Қаңтар 2024, 15:32
7442
Бөлісу:
Білім беру мекемесінің бухгалтерлері 400 млн теңге ұрлап алған
Фото: Арман Мухатов - архив

Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке «Келес ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.

Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы