Білім беру мекемелерінде қандай талаптар жиі бұзылады?

4 Қараша 2020, 13:08
2148
Бөлісу:
Білім беру мекемелерінде қандай талаптар жиі бұзылады?
Фото: Артём Чурсинов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева онлайн брифинг барысында білім мекмелерінден қандай талаптар жиі бұзылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2020 жылдың 10 айы  48 білім беру мекемесіне профилактикалық бақылау жүргізілген. Бақылау нәтижесінде ҚР Білім туралы заңнамалары талаптарының сақталмау деректері анықталды. Бақылау қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктерді жою мақсатында мекемелерге Заң бұзушылық туралы ұйғарым беріліпті. 

Биылғы 10 ай ішінде жеке тұлғалардан 66 өтініш түсті, оның 19-ы шағым. Осы жеке тұлғалар өтінішінің негізі Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілі қағидат талаптарын сақтамау фактілері. Атап айтқанда  балалардың өмірі мен денсаулығын сақтамау және мектепке дейінгі ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу бағдарламаларын толық көлемде сақтамау, балалардың құқығын қорғау мәселесі, жеке мектептерде оқу үшін ақы төлеу және тағы басқа фактілер,-дейді ол.  

Сондай-ақ ол Жоғары оқу орындарында да келеңсіздіктер болып тұратынын атап өтті.

Мәселен, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысымен доктарантураға қабылдау бойынша арыз келіп түсті. Тексеріс нәтижесінде жоғары балл жинаған үміткер доктарантураға қабылданды. Ал лауазымды тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - дейді Г.Ермекбаева.  

Аталған департамент қызметкерлері елімізде өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстарына да қатысып отырады екен. 

 

Биыл ҰБТ жұмысы эпидемиологиялық және басқа да талаптарға сай өтті. Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған талапкерлер жіберілмеді, кейін бейнабақылау таспалары сараланып, құйтырқы әрекетке барғандардың нәтижесі жойылды. Бұл шаралар нағыз білімі бар талапкерлердің ғана мемлекеттік грантқа ие болуына жағдай жасайды,- дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы