Білім беру бағдарламаларының ұлттық портфелі әзірленеді

14 Ақпан 2024, 15:25
14178
Бөлісу:
Білім беру бағдарламаларының ұлттық портфелі әзірленеді
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетекші колледждермен шағын контингенті бар ауылдық колледждерді біріктіру жалғастырылады.
Өңірлік экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, салалық құзыреттілік орталықтарының желісі кеңейтіледі. Олар студенттердің өндірістік практикасының, мамандарды қайта даярлаудың, микроквалификация алудың базасына айналады, - деді Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қолдау үшін – "идеядан" бастап өз ісін ашуға дейін және одан кейін жыл бойы сүйемелдейтін "Бизнес-стартап" орталықтарын құру бойынша жұмыс жалғасады.

Бұған дейін колледждер өздерінің тапқан табыстарын мүлдем пайдалана алмайтын. Бүгінгі таңда Парламент мемлекеттік колледждердің өз өндірісінің өнімін сатудан түскен кірістерді өз бетінше пайдалануы бойынша нормаларды қолдады. Бұл заңнамалық түзетулердің кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруі күтіліп отыр. Енді колледждердің шағын бизнес құруы және қосымша табыс табуы бойынша оң тәжірибелер көрініс бере бастайды, - деді ведомство басшысы алқа отырысында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім жүйесін қаржыландырудың икемді моделі әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасымен интеграциялана отырып, Білім беру бағдарламаларының ұлттық портфелі әзірленеді, - деп айтты Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы