Білім басқармасы Аршалыдағы қазандықтың жарылуына қатысты түсініктеме берді

18 Қараша 2022, 16:10
781
Бөлісу:
Білім басқармасы Аршалыдағы қазандықтың жарылуына қатысты түсініктеме берді
PHOTO

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары М.С. Таткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов келді.

Қазір жылу берудің салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдануда. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, олар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

Білім басқармасы Аршалыдағы қазандықтың жарылуына қатысты түсініктеме берді

Өңірде мектептердегі барлық қазандықтарға тексеру жүргізіледі. Үш ересек адамға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Олқылықтар үшін жауаптылар тексеруден кейін болған оқиға үшін жауап береді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ақмола облысы Аршалы ауылындағы мектепте жылу қазандығы жарылып,  3 адам зардап шекті. Құтқарушылардың айтуынша, қазандық жарылып, ғимарат қираған. 3 адам ауруханаға жатқызылды.Оқушылар қашықтықтан білім алуда.

Өзгелердің жаңалығы