Білікті заңгерлік көмек қызметін әлі де жетілдіру қажет - сенатор

16 Мамыр 2023, 18:00
1342
Бөлісу:
Білікті заңгерлік көмек қызметін әлі де жетілдіру қажет - сенатор
Фото: ҚР Сенатының Баспасөз қызметі

Сенатта заң қызметінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта «Қазақстан Республикасы Президентінің VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде азаматтардың білікті заң көмегіне конституциялық құқығы: жай-күйі мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Андрей Лукин алғысөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғауды күшейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Қылмыстық процестің қуғын-сүргінін төмендетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған құқық қорғау қызметін жаңғырту – адвокаттық қызметтің сапасын және тұтастай алғанда азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесін жақсартуды талап етеді. Білікті заңгерлік көмек қазіргі азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, оған білікті заңгерлердің қызметі дәлел. Бұл құқықты жүзеге асыру тетіктерін әлі де жетілдіру қажет, - деді сенатор Лукин.

Өз кезегінде Әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков парламентшілерге азаматтардың құқықтарын қорғау институтының дамуы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, министрдің орынбасары қағаз айналымының деңгейін айтарлықтай төмендетуге және азаматтардың заң қызметтерін алуын жеңілдетуге бағытталған цифрлық қосымшалардың жұмысы туралы хабардар етті.

Жиын барысында ауыл-аймақтағы заңгерлердің жетіспеушілігі де сөз болды. Мәселен Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, еліміздің кейбір өңірлерінде адвокаттардың жетіспеушілігі айтарлықтай байқалады. 

Мәселен, Қызылорда облысы бойынша Жалағаш ауданында небәрі 2 адвокат тіркелген, бұл тергеу әрекеттерін жүргізуді қиындатып отыр.
Дөңгелек үстел жұмысына Парламентаризм институтының, Республикалық адвокаттар алқаларының өкілдері мен заң консультанттары да қатысып, баяндамалар жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша сенаторлар ұсынымдар әзірледі, олар  мүдделі мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы