Білікті дәрігерлер Атырау облысында

25 Ақпан 2023, 18:10
1122
Бөлісу:
Білікті дәрігерлер Атырау облысында
Фото: ҚР ДСМ

Бір апта аралығында олар түрлі аурулары бар пациенттерге консультациялық қабылдаулар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Атырау облысына жұмыс сапарының шеңберінде батыс өңірінің халқына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ, еліміздің орталықтары мен медициналық ЖОО жетекші бейінді мамандарының сапары ұйымдастырылды

Дәрігерлер бригадасында - Акушерлік және гинекология, педиатрия, онкология, неонатология, неврология, нейрохирургия, хирургия, анестезиология және реанимация, инфекциялық аурулар бейіндері бойынша Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің және Ұлттық ғылыми онкология орталығының жетекші мамандары бар.

Бір апта аралығында олар түрлі аурулары бар пациенттерге консультациялық қабылдаулар өткізді, сондай-ақ бейінді қызметтердің өзекті мәселелері бойынша оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, дәрістер ұйымдастырды.

Барлығы 70 пациентке консультация берілді, оның ішінде мастер-класс шеңберінде 7 пациентке операция жасалды, оның ішінде 2 жүкті әйел кесарь тілігі арқылы босанды.

Қазіргі уақытта КИВБ ҒЗИ мамандары ауруларды басқару бағдарламасына (қант диабеті, артериялық гипертензия және жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі) қатысатын пациенттерді қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы