Билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

7 Қаңтар 2021, 22:57
1496
Бөлісу:
Билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 35 жастағы сотталған азамат учаскелік инспекторды балағаттап, билік өкіліне қол жұмсағаны үшін күніне 8 сағаттан қоғамдық жұмыстарды атқарып, көшені қардан тазалап жүр.

Құқықбұзушылық жағдайы төмендегідей орын алған: күндіз түс әлетінде үйіне мас күйінде оралған Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. жұбайын ұрып-соғады. Күйеуінен жәбір көрген әйелі бұл туралы туыстарына телефон арқылы хабарлап, көмек сұрайды. Туыстары одан әрі полиция қызметкерлеріне хабарласады.

Шақырту бойынша мекен жайға келген учаскелік полиция инспекторлары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін алдымен ішімдік ішкен азаматтың жұбайымен сұхбаттасып, одан кейін азаматтың өзіне одан «мастық күй фактісін» анықтау және хаттама толтыру үшін полиция бөліміне баруы керектігін айтады. Осы мезетте ішімдік ішкен азамат Е. учаскелік полиция инспекторларына бағынбай, оларды балағаттап, қолына түскен жіңішке темірді полиция қызметкерлеріне сермеу арқылы күш қолданып, қарсылық көрсетеді.

Сот отырысында Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. өз кінәсін толық мойындап, ҚР ҚК-нің 378 бабының 1 бөлігі, 380 бабының 1 бөлігімен Сот белгілеп берген 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылу бойынша сот үкімі қабылданады.

Қазіргі таңда өз ісіне өкінетінін мойындайтын сотталған Е. Астана аудандық пробация қызметкерлерінің бақылауымен қалалық әкімдік белгілеп берген аумақтарда көшені қардан тазалап жүр.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 сотталған азамат заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бұл азаматтар Астана ауданы әкімдігі белгілеп берген қоғамдық орындарда белгілі бір біліктілікті талап етпейтін көшені қардан тазалау, қоғамдық орындарды тазалау секілді қоғамдық жұмыстарды орындап келеді,– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Жұмагүл Ешниязова.

Өзгелердің жаңалығы