Бибісара Асаубаева Мәскеудегі шахмат фестивалінде жеңіске жетті

8 Наурыз 2024, 00:27
624
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева Мәскеудегі шахмат фестивалінде жеңіске жетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бибісара Асаубаева Мәскеуде аяқталған "Аэрофлот Опен 2024" шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Өзгелердің жаңалығы