БҒМ заңды өрескел бұзған білім бөлімдерін анықтады

19 Сәуір 2022, 16:16
4578
Бөлісу:
БҒМ заңды өрескел бұзған білім бөлімдерін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев өрескел бұзушылыққа жол берген білім бөлімдері туралы айтты.

Комитет бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүзеге асырады. Тексеру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі және Прокуратура органдарының міндетті тіркеуінен өтеді. Былтыр барлың 17 өңірде 418 объект тексерілді. Олардың қатарында қала, облыс орталығы ғана емес, сонымен қатар шалғайдағы ауылдық округтер де бар. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 359 ұсыным жіберіліп, 25 ұйғарым жіберілді, - деді комитет төрағасы.

Оның мәліметінше, 111 ұсыныс білім бөлімдеріне, орта білім ұйымдарына 216 және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымына 55 ұсыным жолданды. 

Есенғазы Иманғалиев өңірлерде анықталған бұзушылықтар туралы толығырақ айтып берді.

Талдау өңірлердің білім бөлімдері балалардың құқықтарын өрескел бұзатынын көрсетті. Мысалы, Алматы облысында 2021 жылы 12 білім бөлімі тексерілді. Оның үшеуінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Жамбыл облысында 7 бөлім бөлімі тексерілді, нәтижесінде 3 ұйым бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ Қызылорда облысында 4 білім бөлімі тексерістен өтіп, оның біреуінен бұзушылықтар анықталды, - деп атап өтті БҒМ өкілі аппарат жиналысында.

Айтуынша, Атырау облысында бұзушылықтар жыл сайын қайталане береді. Ұсынымдар бойынша бұзушылықтар жойылып жатқан жоқ. Барлық білім бөлімі бірдей бұзушылықтарға жол беріп отыр. Осы ретте өрескел бұзушылық жіберген білім бөлімі 2022 жылдың жоспарлы тексерісіне енгізілген.

Сонымен қатар білім бөлімдерінің 70-інде (56%) бұзушылықтар жойылған. Соның ішінде, Алматы облысының 12, Павлодар облысының 11 және Ақтөбе облысының 6 білім бөлімінде 100% жойылған. Қалған білім бөлімдері әлі кезең-кезеңімен бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс істеп жатыр, - деп толықтырды ол.

Өзгелердің жаңалығы