БҒМ Түркістан облысындағы оқушының өліміне қатысты түсініктеме берді

20 Қазан 2021, 16:30
7866
Бөлісу:
БҒМ Түркістан облысындағы оқушының өліміне қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Түркістан облысында 5-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді.

Әрине, бала өлімі – бұл үлкен трагедия. Бұл жағдай белгілі болған соң, бірден Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Түркістан облысына аттанды. Бүгінгі күні олар сол жақта жұмыс істеп жатыр. Бұл факті бойынша тиісті органдар тергеу шараларын жүргізуде. Нәтижесі анық болғанда тағы хабарлаймыз, - деп жауап берді вице-министр ОКҚ-да.
Шолпан Каринова оқушыдан ақша бопсалау мәселесі бойынша алдын ала болжам жасамауға шақырды.
Менің ойымша, қорытынды жасауға асығудың қажеті жоқ. Мұнда тиісті органдар жұмыстарын аяқтауы керек. Сонда ғана шешім шығарылады. Ал ақша жинау мәселесіне келер болсақ, БҒМ мұны үнемі айтып келеді. Ата-аналар арасында болсын, жалпы, мектептің ішінде ақша жиналмауы тиіс. Әр фактіні жеке қарастырып, ең қатаң шаралар қабылданады, - деп толықтырды Каринова.
Еске сала кетейік, өткен аптада Түркістанда 5-сынып оқушысы көз жұмған болатын. Қаза тапқан оқушының әжесінің айтуынша, оны ақша тауып бере алмағаны үшін сыныптасы мектептің дәретханасында соққыға жыққан. Ал дәрігерлер баланың басында ауыр жарақат болғанын айтады.
Өзгелердің жаңалығы