БҒМ қандай мектептер қашықтан оқитынын айтты

17 Қаңтар 2022, 12:50
1946
Бөлісу:
БҒМ қандай мектептер қашықтан оқитынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» тақырыбындағы брифинг кезінде қандай мектептер қашықтан оқитынын айтты.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова атағандай, елімізде 3 қала оқуды қашықтан бастап кетті.

Еліміз бойынша үш қалада, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқыту қашықтан оқыту форматында өткізіледі. Барлық қажетті техникалық құрал оқушыларға таратылды және бүгінгі күні бұл жұмыс жалғасып жатыр. Ұйымдастырылған түрде оқу процесі ІІІ тоқсанда өзінің жұмысын бастап кетті, - деді ол.

Сонымен бірге басқа қалалар мен өңірлердегі мектептерде 600-ден астам оқушылары болса, онда мектептер қашықтан оқиды. Алайда 1-2 сынып оқушылары үшін оқыту штаттық форматта жүргізіледі. Ал 3 және 5-сынып оқушылары үшін оқыту кезекші топтарда жүргізіледі.

600-ден кем оқушысы бар мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі. Сонымен қатар ауылдағы барлық мектепте оқыту штаттық форматта жалғасады. Санитарлық дәрігерлердің шешіміне байланысты барлық балабақшада оқыту және тәрбиелеу жұмыстары штаттық форматта өтеді, - деп толықтырды комитет төрайымы.

Сөзінше, ауылдық мектептер мен 600-ге дейінгі контингенті бар мектептерде 2 млн-нан аса оқушы штаттық форматта оқиды. Ал штаттық форматта 5 мыңнан астам ұйым жұмыс істейді.

Яғни республика бойынша штаттық форматта 2 млн-нан (60%) аса оқушы оқиды. Ал қашықтан оқитын оқушылар саны – 1,5 млн-ға (40%) жуық.

 

Өзгелердің жаңалығы