БҒМ білім саласындағы проблемаларды атады

27 Қаңтар 2022, 11:52
1643
Бөлісу:
БҒМ білім саласындағы проблемаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында бірінші вице-министр Шолпан Каринова білім саласындағы әлі шешімін таппаған мәселелерді атады.

2021 жылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың бірыңғай тәртібі енгізілді. Сонымен бірге мұғалімдерді аттестаттау, олардың кәсіби дамуы үшін ережелер шығарылды.

Сонымен қатар мектеп басшыларын жұмысқа қабылдау тәртібі және оларды ротациялау тәртібі енгізілді. Әлі де шешілмеген мәселелер бар. Олардың ішінде: бүгінгі күні кей мұғалімдердің өз мамандығы бойынша жұмыс істемеуі, шағын жинақты мектептерде мұғалімдердің жетіспеушілігі және оларды әдістемелік кабинеттермен қолдау жұмыстарының жеткіліксіздігі, - деді вице-министр.

Каринова осы мәселелерді ескере отырып, алдағы жылы қандай жұмыстар атқарылатынына тоқталды.

Мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілік талаптарын қарастыру көзделіп отыр. Сонымен қатар мұғалімдерді жоғарғы білім, кәсіби техникалық деңгейінде негізгі оқыту бағдарламаларын қайта қарастыру жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарына байланысты курстық бағдарламалар жаңартылады. Мұғалімдердің аттестаттауын өткізу кезіндегі Ұлттық тестілеу жүйесінің тапсырмалары да реттеледі, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы