БҒМ: Ақылы жарыстарға қатысуға мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ

7 Маусым 2021, 15:23
2185
Бөлісу:
БҒМ: Ақылы жарыстарға қатысуға мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда білім берудің барлық деңгейлеріндегі олимпиадаларды өткізу туралы» тақырыбында сөйлеген сөзінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Өз қаражатын жұмсамас бұрын ата-аналар ұйымдастырушының кім екенін, балаларды дамытуда қандай тәжірибесі бар, балалардың оған не үшін қатысуы керек, қандай да бір конкурс немесе олимпиада оқушының дамуына не беретінін біліп алу маңызды, - деп атап өтті ол.

Каринова олимпиадаларға қатысу ерікті іс-шара екенін атап өтті.

Әр ата-ана баласының ақылы жарыстарға қатысуын не қатыспауын өзі анықтауы тиіс. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің де, мұғалімдердің де, әдістемелік қызметтердің де оларды ұйымдастыруға немесе қатысуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ, - деп түсіндірді БҒМ өкілі.

Осы ретте Білім министрлігі ескерту жасады.

Осындай мәжбүрлеу фактілері болған жағдайда Білім және ғылым министрлігінің өңірлік департаменттеріне жүгінуге болады. Олар сапаны қамтамасыз ету функцияларын атқарады. Осы мәселе бойынша аталған департаменттерге жүгінуге толық мүмкіндік бар, - деп толықтырды Шолпан Каринова.

Өзгелердің жаңалығы