Бейсенбіге арналған күн райының болжамы

7 Шілде 2022, 08:28
1086
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған күн райының болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, іс жүзінде Қазақстанның бүкіл аумағына әлі де оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етіп келеді, соның алдарынан елдің баым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстікте, оңтүстік – шығыста нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жауын жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, батысында, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз кейде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 2-7 метр жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы