Бейсембаев Алматы қаласының педагогтерімен кездесті

26 Ақпан 2023, 12:35
954
Бөлісу:
Бейсембаев Алматы қаласының  педагогтерімен кездесті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Алматы қаласына іс сапары аясында педагогтер және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. 

Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау ұйымдастырылады, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту. 

Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда мониторингтік зерттеулерге сәйкес жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар «Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві» жасақталады. Резервтегі менеджерлерді «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады, — деді Ғани Бейсембаев. 

Кездесу барысында арнайы білім беру, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. 

Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернатының жұмысымен танысты. 

Сонымен қатар бір қатар білім мекемелеріне барып балалар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі барысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы