Бейруттегі жарылыстан көз жұмғандар саны 190-ға жетті

31 Тамыз 2020, 13:56
1686
Бөлісу:
Бейруттегі жарылыстан көз жұмғандар саны 190-ға жетті

Алматы, BAQ.KZ. Жексенбі күні Ливан үкіметі Бейруттегі жарылыстан көз жұмғандар саны 190-ға дейін артқанын мәлімдеді. 

LBCI телеарнасының мәліметінше, жарылыстан зардап шеккендер саны 6500 адам және үш адам бұрынғыдай із-түзсіз жоғалғандар санатында. 

Айта кетсек, 4 тамыз күні Бейрутте екі рет үлкен жарылыс болған еді. Соның салдарынан қаладағы ғимараттардың басым көпшілігі қираған. 300 мың адам баспанасыз қалған, жалпы шығын 15 млрд долларға бағаланған еді. 

Қазір Ливанда қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірнеше ел көмекке құрылыс материалдарын табыстаған.

Өзгелердің жаңалығы