Бейнесабақтар "Qazaqstan" арнасынан да көрсетіле бастайды

11 Сәуір 2020, 18:45
1869
Бөлісу:
Бейнесабақтар "Qazaqstan" арнасынан да көрсетіле бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды.

Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі. 

"Qazaqstan" телеарнасын www.qazaqstan.tv ресми сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. "Android", "iOS" платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны "App Store", "Play Market"сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.  

Бейнесабақтар сонымен қатар "Qazaqstan" телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасы мен Facebook-парақшасында тікелей трансляцияланады. 

2020 жылғы 6 сәуірден бастап еліміз бойынша 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады. Осы мерзімнен бастап қазақ тілінде білім алатын 1-11 сынып оқушылары үшін бейне және аудиосабақтар "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Balapan" телернасы мен "Qazaq radiosy" арқылы ұсынылып келеді.

Өзгелердің жаңалығы