Бейнебақылау жүйесін істен шығарғандар жазаланады

20 Мамыр 2024, 15:47
397
Бөлісу:
Бейнебақылау жүйесін істен шығарғандар жазаланады
Фото: BAQ.KZ - архив

Енді пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау камераларын қасақана бүлдіргендерге қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баспасөз брифингінде ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев қылмыстық-атқару жүйесі бойынша заңнамаға түзетулер енгізілгенін мәлімдеді.

Сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнебақылау камераларын қасақана істен шығарады. Соңғы уақытта мұндай фактілер көбейген. Сондықтан Қылмыстық кодекске «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 428-1-бап енгізіледі, - деді ол.

Бұл жауапкершілік сотталғандарға да, ҚАЖ қызметкерлеріне де қатысты қарастырылған.

Бұған дейін мемлекеттік тілді, тарихты білмегендерге азаматтық берілмейтіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы