Беймәлім теңіз жануары табылды

11 Наурыз 2024, 20:35
1405
Бөлісу:
Беймәлім теңіз жануары табылды

Ғалымдар Жаңа Зеландия жағалауында теңіз жануарының жүзге жуық жаңа түрін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Биолог мамандар зерттеу жұмысын Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Баунти аралдарында 20 күндей жүргізген. Теңіз астынан ұлу, маржан рифтері мен балық сияқты тіршілік иелерінің бірнеше түрі табылды. Олар шамамен 5 мың метр тереңдікте өмір сүреді. Қазір теңіз жануарларын арнайы мамандар әрі қарай зерттеу үшін бақылауға алды. 

Жаңа Зеландиядағы тіршілік көзі биоалуантүрлілігімен ерекшеленеді. Осы уақытқа дейін ғалымдар тұтас аймақты зерттей алмай келген еді. Сол себепті экспедиция мүшелері тереңдікті картаға түсіру үшін теңізге қашықтан басқарылатын суасты құрылғысын жіберген.

Өзгелердің жаңалығы