Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты тұрақты комитетінің төрағасы қызметіне сайланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалған болатын.
Бейбіт Өксікбайұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында.
Сонымен қатар депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасын сайлау туралы қаулыны қарады.
Депутаттар қаулыны бірауыздан қолдап, Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.
Бұған дейін сенатор Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланған болатын.