Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа қызметке ауысты

20 Қаңтар 2022, 10:12
2147
Бөлісу:
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа қызметке ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Сенатор Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы комитет төрағасы қызметінен ауысуға ниет білдірді. Мұрат Бақтиярұлы біраз жыл бойы осы комитетке басшылық етті. Маңызды заңдардың қабылдануына, Парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өткізіп, әлеуметтік-мәдени және ғылым мәселелерін шешуге үлкен үлес қосты, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында.

Палата спикері Мұрат Бақтиярұлына комитет төрағасы ретінде атқарған табысты қызметі үшін әріптестері атынан алғыс айтты.

Мұрат Бақтиярұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді, - деп айтты ол.

Регламентке сәйкес бұл мәселелер бойынша шешімді Палата отырысында депутаттар бірауыздан қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы