Бестөбе кен орнынан бір адамның мәйіті табылды

25 Шілде 2022, 23:30
1332
Бөлісу:
Бестөбе кен орнынан бір адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішіндегі шахтадан заңсыз алтын іздеумен айналысқан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

Бүгін Бестөбе кенішіндегі «Западная» шахтасынан 610 метр тереңдікте жүргізілген тексеріс барысында 3 адам табылды. Оның бірі өлі күйінде табылса, екіншісі түрлі дене жарақатын алған, – деді «Алтыналмас» АК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі өкілдері.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахтадан табылған адамдардың екеуі Заводской ауылының тұрғыны, үшіншісі Жаңа Қарабұлақ ауылының тұрғыны.

Шахта ішінен табылған адамдардың барлығы да Бестөбе кенішінің жұмысшылары емес. Үшеуі де бірнеше рет, соның ішінде күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін жауапқа тартылған, – деді АҚ өкілдері.

Кейін аталған үш адамның алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқаны белгілі болды. Оларды шахта ішінде опырылған тас үйіндісі басып қалған.

Аталмыш шахтаның жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай уақыт болған. Іші жерасты суына толы, сондай-ақ желдету және басқа да инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті.

Бұған дейін Бестөбе кенішінен ауыл тұрғынының мәйіті табылғаны туралы хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы