Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

25 Желтоқсан 2022, 09:03
839
Бөлісу:
Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.

Тараз қаласының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады.

Қостанай облысындаоңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Оңтүстікте, Түркістан облысыныңтау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы