Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

26 Қараша 2019, 07:29
4315
Бөлісу:
Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы