Берлиндегі рыцарь турниріне әйелдер қатысты

3 Қазан 2019, 06:47
1501
Бөлісу:
Берлиндегі рыцарь турниріне әйелдер қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Берлинде ортағасыр әуесқойларына арналған турнир өтті, деп хабарлады  24.kz.

Сайыста рыцарьлер ат емес велосипедті тақымдады. Ал ойын ережесі өзгеріссіз қалды. Қарсыласын найзамен  бірінші құлатқан адам жеңіске жетеді.

Қатысушылардың айтуынша, найзадан тек кішігірім зақымдар келеді. Турнир осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Ең қызығы, сайысқа нәзік жандылар да қатысты. Олар ер адамдармен бір дәрежеде бақ сынасты.


Өзгелердің жаңалығы