Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлиннің орталық көшесі үш күнге көне көліктер мұражайына айналды, деп хабарлады 24.kz.
Қала тұрғындары мен қонақтар сирек кездесетін автокөліктерді тамашалады.
Көрмеге 2 мыңнан астам көлік қойылған. Арасында арба түрінде жасалған алғашқы көліктен бастап жарысқа қатысатын заманауи болидке дейін бар. Автокөліктер көрмесі Берлинде 2005 жылдан бері өтеді және жаздағы ең ірі шаралардың бірі саналады. Жыл сайын оны көру үшін Еуропаның түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келеді.
Бұл 1959 жылғы көлік. Машина жақсы күйде, ол осы мерзімде тек 20 мың шақырым жүрген. Әлемде осындай тек 30 көлік бар. Оны ешқашан жаңартқан жоқпын. 20 жыл бұрын сатып алғанмын. Тек жазда күн ашық кезде жүремін. Өйткені машинаға қозғалыс қажет. Мотор істеп тұруы керек, – деді көне автокөліктерді жинаушы Марвин.
Оқи отырыңыз: